Көршілер жыры – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Көршілер жыры» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 7884
Нұрнияз Мұқановқа

Көркем қала. Еңселі үй тұрағымыз,
Қатар маздар кеш болса шырағымыз.
Кірбің түспей келеді көңлімізге,
Бір шырқалып әрдайым жыр-әніміз.
Жатырқамай, жатсынбай, қуыстанбай,
He жетеді қалтқысыз ұтысқанға-ай.
Қолда барды санаспай бөлісеміз,
Бөлінбеген еншісі туыстардай.
Жандардаймыз табысқан тілеп келіп,
Арамызда сызат жоқ бір өкпелік.
Бұл татулық жалғасып ұрпақтарға,
Бір-біріне жүрсе екен тірек болып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері