Бұл бетте «1993 жылы жазылған өлең» атты Айтқали Нәріков жазған поэзия туралы өлең берілген.
Айдар Тапашұлы Батырхановқа
Қалайсыңдар, ағайындар қырдағы,
Келмей жүр ме тіршіліктің ырғағы?
Тасып біраз кегпіп едік тоқтықтан,
Жаратқанның сыны шығар бұлдағы.
Қонақ келсе, шын шабылып қалатын,
Қырдың халқы, жомарт деген бар атың.
Білем қазір төмен салып назарды,
Ұялаттың қабағыңа қара түн.
Қысқа жібің келмей жатса күрмеуге,
He шығады сошанменен құр кеуде.
Амал қанша - шайқалса да шаруамыз,
Тістіміз өмір отын үрлеуге.
Ортаймайды несібесі халықтың,
Оны сырттан кетер дейсің алып кім.
Болашақтан үзбейікші үмітті,
Алдымыздан шығады әлі жарық Күн
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі