Бас көтеру – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Бас көтеру» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1211
Бас көтеру...
ол өзімді құтқарғаным сұмдықтан,
Аял таппай шарқ ұрамын
Азиядай құрлықтан.
Жүрегімнің иран бағы, салтанатты сарайы,
Қала сынды қақалуда қапияда құм жұтқан.
Бас көтеру...
өзімді-өзім алып шығу шүңеттен,
Тірлік – түрме,
желкеледі бұғауымен тым өктем.
Бас көтеру...
Аллаһ нұрын аңсағаным алыстан,
Шыдам бітті,
шығу керек шыңыраулы түнектен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері