Кәмшат апай – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Кәмшат апай» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 2730
Батыр қызы халқымның
Кәмшат апай — мақтаным.
Мен де соған талпындым,
атын есте сақтадым.
Бөбегіндей аймалап,
сүйген дарқан даланы.
Алтын кірпік, ай қабақ,
ол ауылдың қазағы.
Жұлдыздайын ең көркем
жарқырайды ордені,
"Батыр бол,— деп,— сен де ертең"
шақырғандай ол мені.
Жиындарда сөз алған,
шешендіктен тосылмай.
Ұрпаққа — ісі, өзі — арман,
апаларым осындай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері