Көкшетау – Мағжан Жұмабаев

Бұл бетте «Көкшетау» атты Мағжан Жұмабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Аспанменен тірескен,
Тәңіріменен тілдескен
Көкшетауым біп-биік.
Қою қара көк бұлт
Жайнап, ойнап, құлпырып,
Көкшетауды тұр сүйіп.
Көкшетаудың көзі жас,
Ылғи мең-зең, айнымас
Қалың тұман мұнардан.
Инелік өтпес жіп-жиі,
Оқтан түзу тал бойы
Қарағайға оралған.
Әлдеқайда, биікте
Төніп төмен – киікке,
Қанды көзді қыран жүр.
Мен де Мұса болар ем,
Тілдестірсе Тәңірімен,
Көкше маған болып Тор1.
Құшам Мұса аяғын,
Өлеңім – ізгі таяғым,
Көкшеге мен де шығамын.
Аяқ басып Арсыға 2,
Жүгіріп барып қарсына,
Тәңірінің тілін ұғамын.


1 Тор – тау аты.
2 Мұсылмандық ұғым бойынша Алланың тағы.


Пікірлер (5)

НұрайЗалғараева

Бұл жақсы өлең екен өзім кзо нікімін

НұрайЗалғараева

Мен ғана көріппін

Саматұлы Қайрат

Көкшетау ????????????????????????????????????

Айдана

Өте күшті екен

Айдана

Күшті екен өлең

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері