Зергер – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Зергер» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 4861
Білесің бе бұл істі –
зергерлікке кім дайын?
Балқытып ап күмісті,
сапырады судайын.
Сиқыршыдай жырдағы:
білезік пен алқаны,
сақинаны, сырғаны
күміс сымнан тартады.
Көрсең, қайран боласың –
мақтанышы ол бір елдің.
Күмістейді тоғасын
таралғы мен жүгеннің.
Тобылғы сап күмсанды
қамшыға бір қарашы.
Кім жасайды бұл сәнді
табылмастай бағасы?!
Демеңіздер: "Бұл қалай
күмісті де илеген?"
Осы өнерді мұрадай
зергерлерден үйренем!
1975


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері