Сені іздеймін қиырдан…

Бұл бетте «Сені іздеймін қиырдан…» атты Құсайын Бекнұр жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Адал махаббатқа айтшы жаным кім артық және кімі кем?
Сен кемі емессің , сенің нәзіктігіңнен мен қайтадан жібігем.

Жаным сен егер болсаң маған шын Хақ Тағаламнан бұйырған,
Іздеймін сені аспаннан болсын
шөлейт, шөлден де қиырдан.

Оған ұнауым үшін болуым керек жауынды күннің нөсері,
Сонда ғана ол менімен бақытты ғұмыр кешеді.

Тек сен деп соқты жүрегім менің, өзіңе ғана асықпын,
Нәзік даусыңа, қолаң шашыңа, қоңыр көзіңе ғашықпын.

Адал сезімім арналды саған, болады сірә, пәк бірақ,
Таза сезім бірақ болуы керек сені ұнатқаннан қаттырақ.

Қанша жерден жоқ десең де, тұз сепсең де жарамнан,
Ғашықпын саған, мен сені мүлде өшіре алмаймын санамнан.

Жеңілдім деп тұрамын, қынжыламын да булығып,
Таза махаббат жолың болмады деп алып маған тұр күліп.

Сен кітап болсаң оқитын едім түбіне дейін қайтадан,
Адал ғашығыма өле өлгенше адал боламын деп те айта алам.

Артқа тартады,жанымдағылардың
қолың жетпейді деген сөзі мың,
Бірақ олардың сөзі болса да,
тоқтамас менің сезімім.

Адалдығымды, махаббатымды деме сен енді "балалық",
Сүйемін сені қараңғыда да қолыма жарық шам алып.

Сірә бұған да менің махаббатым ендігі мәңгі көнді дер,
Егер бір тамшы сезім болса да, қанекей, жаным,
Белгі бер!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сені іздеймін қиырдан… өлеңінің авторы кім?

Құсайын Бекнұр — осы өлеңнің авторы.

Сені іздеймін қиырдан… өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сені іздеймін қиырдан… өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Құсайын Бекнұр өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сені іздеймін қиырдан… өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері