Өлең, жыр, ақындар

Көктерек

  • 29.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2853
Мойынқұмның кең даласы көсілген.
Құмшекердей құмы сусып есілген.
Отыз түгіл, елуінші жылдары
Бұл ауылда ешкім жоқ тал өсірген.
Қыдырбаев келді ауылға бастық боп,
Жалындады жебеушісі жастық боп.
Елдің бәрі егін егіп, мал баққан,
Ол кездері көгеріс аз, астық көп.
Қараң-құраң әр жерде бір үй деген,
Шалқып кете алмаған шақ күй де ерен.
Коминтерн – орталығы колхоздың,
Бос орын көп әлі кетпен тимеген.
Мешітбай тез қолға алып бір істі,
Әр мүшеге бермей тыным-тынысты,
Өзі бастап, халық қоштап қаумалап,
Көше бойлап тал тігуге кірісті.
Тал болғанда көк теректер кілең дүр,
Кәдімгідей кірді ауылға реқ-нұр.
Қатар-қатар әппақ үйлер салынып,
Көтеріліп қалды шындап бұл ел бір.
Зарықтырып көп уақыт етпеді,
Бүршік жарып көк теректер көктеді.
Мазалады бір антұрған ақ ешкі,
Жас талдардың жапырағьш жеп тегі.
ешітбайдың бұған қаны қайнады,
Екі-үш рет қуа ешкіні айдады.
Айналсоқтап кетпеген соң кебенек,
Алып барып кеңсе алдына байлады.
Бұл қылығын ұқты әлде ұқпады,
Мешітбайдың көңлін ешкім жықпады.
Жазаламақ еді бастық иесін,
Ал ешкіге ешкім ие шықпады.
Содан кейін үлкен-кіші ес білер
Мешітбайды қатал бастық десті ел.
Әр шыбықты ауыл болып аялап,
Теректерге тиіспеді ешкілер.
Қия беттен көзді тартып көп терек,
Көктей берді бойын түзеп көкке тек.
Қала сынды көріктеніп керемет,
Ауыл содан кетті атанып «Көктерек».



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Үш тоты

  • 0
  • 0

Рая, Сәуле, Нұржамал,
Жүздеріңнен нұр жауар.
Өздеріңді көрген жан
Бір өртеніп, бір жанар.

Толық

Сараң мен тауық

  • 0
  • 0

Қолда барын жоғалтар тойымы жоқ сараңдар;
Уақыт аз іздестіріп алаңдар,
Сенем оған – көп қой олар қатарда,
Әуре болып жатам ба,

Толық

Мерген

  • 0
  • 0

Шие бағы Мергенге
Қызыл шие бергенде:
– Кішкентай, – деп, – бұл шие, –
Бетін бұрды ол демде.

Толық

Қарап көріңіз