Өлең мен ақын – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Өлең мен ақын» атты Баянғали Әлімжанов жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 2270
Қуа беріп қу өлеңді не керек?
Өлең бір от, ақын деген көбелек,
Елге қандай көмегі бар өлеңнің,
Құйын соқса, ұшып кетер ебелек,
Баспасөз де басуға онша құлықсыз,
Өлеңнен де керегірек күндерек,
Тиынмен де, сыйыңмен де өлшенбес,
Әлем үшін өлең жөні тым бөлек,
Нағыз ақын дүниенің өртіне,
Қарлығаштай келеді су себелеп!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері