Бұл бетте «Айттым сәлем сағынып» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Айдың жүзі,
Күннің көзі
Ақ шуағын шашқанда;
Дүние балқып,
Көңіл шалқып,
Гүлдер көзін ашқанда;
Самал есіп,
Сағым көшіп,
Сарғая бір тосқанда;
Жаным шөлдеп,
Көрінсең деп,
Сені жырға қосқанда.
Қайырмасы:
Келші жайнап,
Желмен ойнап,
Гүлден алқа тағынып.
Жарқын жаздан,
Аққу-қаздан
Айттым сәлем сағынып.
Айдың жүзі,
Күннің көзі
Жарқыраған жалғанда,
Сенетұғын,
Келетұғын
Сенен басқа жан бар ма?
Төгілдіріп,
Егілдіріп,
Құстар әнге салғанда,
Өзіңді аңсап,
Мөлдір моншақ,
Қара көзден тамғанда.
Қайырмасы.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі