Ау, құрбым – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Ау, құрбым» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1848
Биік таудың басында балқарағай,
Ауылым көшіп барады көл жағалай, ау, құрбым,
Жолы қиын жұмбақ тағдырдың.
Көшіп ауылың кеткенде таудан асып,
Болар екен тағдырдың әлдеқалай, ау, құрбым,
Қимасыңды қайда қалдырдың?

Қайырмасы:
Ахау, қимасыңды, қимасыңды, ау, құрбым,
Қимасыңды қайда қалдырдың?

Көшкен бұлттай ауылың бел асқанда,
Жарқырасын жұлдыздың көк аспанда, ау, құрбым,
Жолы қиын жұмбақ тағдырдың.
Биік таудың тұманы қалың келер,
Тап болғайсың сені іздеп адасқанда, ау, құрбым,
Қимасыңды қайда қалдырдың?

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері