Көкпар – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Көкпар» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 2067
Кім береді тізгінді ақылына,
Дода көрсе төнеді атын ұра.
Қалың топты қақ жарып, ойхой, шіркін,
Серке санын басады ол тақымына.
Қыз-келіншек шоқтай боп төбедегі,
Қаздай бойлап қызыққа кенеледі.
Мұндайда ма, мұндайда әр бозбала –
Көз жазбайтын әр қыздың көбелегі.
Бір сәйгүлік жұлындай суырылып,
Әкетті, әне, намыстың туын іліп.
«Кім екен, ә?» – дегенде топ ішінде
Бір қаракөз күлімдер мұны біліп.

1967


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері