Өлең, жыр, ақындар

Пендешілік дерті

  • 02.09.2021
  • 0
  • 0
  • 355
«Іштен шыққан шұбар жылан,
Бұл, балам,
Айырылған адамдық нар тұлғадан...
«Ит басына іркіт төккен» бұл күнде,
оңа ма адам,
өзгенікін ұрлаған...
Іштен шыққан шұбар жылан, бұл балам...”-
Деп,
Қария, дір-дір етіп,
Кемсеңдеп,
«Жағдайым жоқ, қорғайын деп,
Белсенбек...
Бала сұрап, құдайымнан бұ жаста,
Ойламап ем,
Түседі екен еңсем деп...
Қан майданда жүрегімді оқ қарып,
Оралғанда,
От пен оқтан соққы алып,
Апатынан сол кез салған жараның,
Осылардың тіршілігі өтті алып...
Он сегізде от кешкізген жоқпыз деп,
Соларға, өмір,
Бар қызықты өпкіз деп,
Қуанғанда,
Тілегенде бұл мұндар,
Үш сотталды,
Ұрлық жасап, жоқты іздеп...
Қорғайын деп отырғам жоқ мен мұны,
Бұйырмаса қайтем елдің кең күні...
Жатса өзінен көрсін деп ем қамауда,
Гәп басқада болып тұр ғой ендігі...»
Күмілжіді осы тұста ол,
Күрсініп,
Мойындауға әлденені,
Қымсынып...
Деді сосын.
«Намысыма тиетін,
Бір солақай мәселесі тұр шығып...»
Емес екен күмілжіткен жақсы әуен,
Бекер емес екен сонда қашқан өң.
Баласының сыбайласын,
Анасы,
Мақтаныпты,
Шығарып ап,
Ақшамен...
«Төрт-ақ мың сом,
Бостандықтың бұл құны,
Балаңа оны қия алмауың — күлкілі...» —
Деп,
Арбапты,
Қарияны сол әйел,
Жесірлігін алға тарта, бір күні...
Бала деген бауыр етің,
Ардағың,
Көтересің оның талай салмағын.
Кетсе еңбегің игілікке егерде,
Бұл дүниеде болар ма еді арманың...
Депті қария.
«Ей, шырағым,
Жүрші әрі,
Он бір сәби сыйлады ана құрсағы.
Бірақ бәрі жеткілікті еді ғой,
Бір жағына жетпей жатса, бір сәрі...
Магнитофон,
Машина ма,
Киім бе,
Керегінің бәрі де бар,
Үйінде.
Балалардың несібесін жырып мен,
Қалай берем,
Дейсің қалай,
«Күйінбе...»
Дей алман да,
Ақшасы көп, епті едім,
Жатқан дүние көре алмадым теп-тегін...
Табан ақы,
Маңдай терім,
Параға -
Төрт мың сом ба...
Төрт тиыным жоқ менің...»
«Дұрыс жауап,
Дұрыс сөз ғой, дұрыс бұл,
Болса мейлі,
Надандықтың тілі үшкір.
Бірақ неге...
Қапа еткен сізді,
Жемқорлыққа болмаса да ырыс құл...»
«Қарағым-ай,
Сөз естідім әркімнен,
Көлденең көз салған өрттен жанды іргем...
Ит болса да,
Іштен шыққан балам ғой,
Жесір әйел құрлы болмай қалдым мен...
...Тәрбиенің еске алғызбай еш кемін,
Бәсекенің құрты тескен іштерін,
Тоқшылықта шіркеу болған бетіне,
Пенделіктің дерті неткен күшті едің...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сен туған жер

  • 0
  • 0

Сен туған жер,
Біліп қой,
Ұлылықтың отаны,
Қойны толы қазына,

Толық

Текемет

  • 0
  • 0

Жылдар қуып кетседағы ескіріп,
әлі есте, қалған кезім ес кіріп —
текеметті жайып тастап, үстіне
төсек салып жүретінмін кешкілік...

Толық

Жүрегім

  • 0
  • 0

Тіршіліктің ақтарып сап сандығын
ауыр саған сезіп, білу барлығын
Зұлымдықтың, сатқындықтың салмағы,
неге саған түседі екен, жалғызым!?

Толық

Қарап көріңіз