Бақа мен өгіз – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Бақа мен өгіз» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.08.2019
  • 0
  • 0
  • 3077
Шалшық суда көре қалып Өгізді,
Теңескісі келді онымен Бақаның.
Іштар еді негізі,
Ісіп-кепті шығаруға атағын:.
«Қара, құрбым, Өгіздей боп қалдым ба?»
«Қайдағы Өгіз, жетуге оған алыс тым!».
«Қарашы енді, қаншалықты толыстым?
Өспеді ме қарным да?».
«Тұрсың әлі сол кішкентай қалпыңда»,
Бақа Өгіздей боламын деп ышқынып.
Кере беріп қарынды,
Тарс етті де жарылды,
Өлді ақыры іс тынып.
* * *
Мұндай мысал аз емес-ау білгенге:
Кейбіреуді есер желік үргенде,
Нағыз мықты боламын деп жүргенде,
Сорлап қалар бір демде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері