Өлең, жыр, ақындар

Күз жыры

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 22.01.2022
  • 0
  • 0
  • 790
Сарым мұңлығым!
Сағыныштан күзде сен,
Махаббаттан, менен күдер үзбесең.
Сары жапырақ арасынан табылам,
Егер мені есіңе алып іздесең.
Қуанышы құм астына көмілген,
Ақын ем мен аянбаған өмірден.
Күздің сары жапырағы ем төгілген,
Күздің суық жасы едім мен егілген.
Бейуақта қарсы алдыңды кес-кестеп,
Бейуаз бақты жұлқыласа кешкі өкпек.
Саған деген сағынышым деп ойла,
Жылап жатқан жапырақты етпеттеп.
Сайтан мезгіл сарқып айтып тәтті әнді,
“Бәрі менің еркімде” – деп мақтанды.
Мекеніне мұңын шағып соңғы рет,
Жыл құстары қошын айтып аттанды.
Жыл құстары,
Сап түзеді түстікке,
Көрдің бе, әне, өткізгендей істікке.
Ең соңында барады ұшып үш аққу,
Ең соңында барады ұшып үш нүкте...
Сары мұңлығым!
Сәт тілеймін саған да,
Сәт тілеймін, сағыныш толы ғаламға.
Сен әкелген сағынышым сан жетпес,
Сілкілесіп мәңгі кетер санамда,
Сілкілесіп мәңгі кетер жағамда!!!

19. 10. 2000ж


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күз жыры өлеңінің авторы кім?

Ұларбек Дәлейұлы — осы өлеңнің авторы.

Күз жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Күз жыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ұларбек Дәлейұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күз жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері