Өлең, жыр, ақындар

Талғампаз қалыңдық

  • 07.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2045
Туған айдай толықсыды бойжеткен;
Күйеу жайлы ой кеткен.
Айыбы сол: менмен еді кесірлі,
Күйеу керек кәдімгідей ақылды,
Атағы мен абыройы татымды.
(Бапшыл сұлу күйеу таңдап есірді),
Бәрі бірден бола қою мүмкін бе
Күйеу шіркінде?
Сүйсін деді, қызғанбасын бірақ та;
Осылайша жеткендейін мұратқа,
Қыз қақпасы қағылып,
Бай бойдақтар келіп жатты ағылып,
Ал, қалыңдық жаратпады бірін де.
Мұндай жігіт болса да алтын басқаға,
Біздің ару масқара,
Ұнатпады түрін де:
Біреуінің келіспесе шапаны,
Біреуінің болмады шен, атағы.
Атағы бар, қалтасы бар бірінің,
Аруымыз ұнатпады мұрынын.
Бірде олай, бір, бұлай,
Біреуінің ақылы кем, құрғыр-ай.
Бойдақтардың басылып шу, таласы,
Қалыңдықтың келді бір топ жаңасы.
Бірақ, бұлар орташа еді, бай емес.
«Бұлар маған сай емес! –
Деп қалыңдық адуынды, алымды,
Тағы біраз қағынды:
«Шыға қалса оларға,
Ісім сірә оңар ма?
Күйеу іздеп, неге сонша асығам?
Көңілім шат, қыз күнім – бір асыл ән.
Тыныш жатам еркін жауып көрпемді,
Байсырау тым іс емес-ау көркемді».
Ол тобыр да кетті алыс,
Сиреп енді топталыс,
Қыз маңынан аулақтады көп таныс.
Айлар өтті,
Бойдақтар қайда кетті?
Жылыстап жылдар өтті,
Күйеулер мойын бұрмай, тым зар етті.
Біздің қыз кәрі қыз боп қала берді,
Көп құрбы тұрмыс құрып, бала көрді.
Кәрі қызды ұмытып та кетті олар.
(Ермектері көп болар).
Сол арудың кеудесіне мұң еніп,
Қашан көрсең, айна алдында тұрғаны,
Жауар бұлттай түнеріп,
Әр күн оның сұлулығын ұрлады.
Ең алдымен тұманданып от жанар,
Одан кейін кетті жайлап беттен әр.
Еркелігі қашып орай жасына,
Екі-үш талшық ақ та кірді шашына.
Бір кездері онсыз думан өтпейтін,
Айналақтап жігіт-желең кетпейтін,
Билейтін қыз ұршықтай,
Кесірліден қалды енді үн шықпай.
Жігітке паң қарағанмен өтірік,
Налиды қыз өткеніне өкініп.
Қалай ғана қу бас жүріп жүдемек?
Беттен әрі түгел таймай тұрғанда,
Қуана қыз тиіп алды бір жанға.
Алғаш тілек қылғанға –
Онысы еді мүгедек.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бәйтерек баба Бәйдібек

  • 0
  • 0

Бәйдібектей батыр баба – белді ұлы,
Үйсін елі баяғыдан белгілі.
Алатау мен Қаратауды жайлаған,
Кереметтей көз жеткісіз кеңдігі.

Толық

Қойдым

  • 0
  • 0

– Өйткені, арақ өлген ғой,
Өлетін кезге келген ғой.
– Табылмаса да тамағың,
Толып тұр емес пе арағың?

Толық

Осындайлар қиын-ды

  • 0
  • 0

Үй туралы баяндама оқылды,
Бас кезінде біраз адам отырды.
Деді лектор жалындап:
– Алда талай тамаша үйлер салынбақ.

Толық

Қарап көріңіз