Өлең, жыр, ақындар

Қарасазға барғанда

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 521
Сәлем жолдап, тұнық көк, таңға жарық,
Бота бұлттар, барады аунап, ағып.
Өзіңді іздеп, аруақты ақын аға,
Қайтып келдім, даладан тауға барып.
Ой салғандай боласың жасқа ойланып,
Қара өлеңнен Қарасаз бас бәйге алып.
Досқа айналып, айналған аспанымнан,
Қыран көзің қарап тұр тасқа айналып.
Жоқ болса да, ол кезде есім менің,
Өлең отын кеудемнен өшірмедім.
Тірлігіңде білмеппін қадіріңді,
Сабырлы аға, сол үшін «кешір» дедім.
Сапарым бұл, жыл емес ай жүктеген,
«Арман айды» аңыратып айтып келем.
Мұқан айтқан «кішкентай» мұңымды мен,
Жол үстінде үлкейтіп қайтып келем.
«Қырық жамаулы» жүрегім ұяттымын,
Қанаттының, ізі бар тұяқтының.
Меккесіне барып кеп ақындықтың,
Қажы атанған бұл күнде сияқтымын.
Үмітпенен көрмеген арманы арып,
Есінейді, бәйге бұлт аунап алып.
Тау қыраны, мекендеп, туып-өскен.
Аспан көріп қайттым мен тауға барып.
Мен де сендей ұрпағы ем шаруаның,
«Бір той» жасап берер ем, жарымадым.
Таңға жақын оянып, жолға шықтым,
Шақырғандай болған соң аруағың.
Келтіргендей тілімді тәубаға әр күн,
Сезімімді мен қалай саудалармын?
Еркелетіп тұрған соң Еркін аға,
Аунап алғым келді де, тауға бардым.
Көптен бері қарлыққан ашылды үнім,
Көктен жерге шашу боп шашылды Күн.
Ұшар басы найзадай Хантәңірдің,
Оқытқандай ойнатып жасын жырын.
Талас-тартыс, өмірі дауға айналған,
Ақын туған жерінен аумай қалған.
Ойға қарай домалап, ойланамын,
Көтере алмай мұңымды таудай болағн.
Әсемдігін жинап ап бар әлемнің,
Ауылынан Абайдың дара келдің.
Асығып бір, абыройын асырып тұр,
Қасиетін Қарасаз, қара өлеңнің.
Табиғаттай берген соң тағдыр екпін,
Еріп, көндім еркіне жан жүректің.
Ән сап барып, тағыда аңсап барып,
Мұқағали тауына тағзым еттім.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сәулесін сағыныштың саялаған

  • 0
  • 0

Сәулесін сағыныштың саялаған,
Сұлулық жаралды екен қай анадан?
Құлпырып, қуана да қоймас, сірә,
Алпысқа келгенінше әйел адам.

Толық

Мен өзіңді сүймеймін, сүйе алмадым

  • 0
  • 0

Мен өзіңді сүймеймін, сүйе алмадым,
Сүю жайлы тек іштей қиялдадым.
Қолды бір-ақ сілтер ем, бірақ, бірақ
Мен басқаның көз жасын қия алмадым.

Толық

Жанардан ағып бірге қайғы, үміттер

  • 0
  • 0

Жанардан ағып бірге қайғы, үміттер,
Пәрменді екпініне айрылып жер.
Даламның белес-белес пернелерін,
Барады басып-шауып сәйгүліктер.

Толық

Қарап көріңіз