Азап шеккен Африка жерлері – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Азап шеккен Африка жерлері» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1139
(аударма)

Африка жерлері
азаптан қалжыраған...
Құлдар мұнда өксіген, сан жылаған.
Жынды биден төгілген терге бөгіп,
басқа жақтан келгендер шерге көміп
азаптады жұрдай қып бар мұрадан.
Африка жерлері,
қайысып қасіреттен,
жалын шарпып, темірмен басып өткен
балаң гүлдің иісін-ай...
Африка жерлері,
кезі жоқ жасы кепкен.
Түнде ұйқыдан шошытқан
абақтының кілттері сылдыр қағып,
қарқылдайды біреулер шынжырды
алып...
Көкке қарап қол жайған жалыныштар,
Африка жерлері,
еркіндікке жаны құштар.
Бірақ олар тірі әлі,
Африка жерлері бар өмірде,
бізбен бірге ұмтылар жаңа күнге,
олар біздің санамыз, ішімізде,
ұйқтасақ та енеді түсімізге.
Африка жерлері
қанымызға сіңген-ді
баобаба биімен, шалтты үнімен,
былғанбаған табиғат пәктігімен,
азап шеккен бұл жерлер
өмір сүреді адамдардың арында,
буырқанған қанында,
арманында
ілгері ұмтылдырған,
бірге өлеміз, егер біз өлсек тегі,
бір көреміз емірде көрсек нені,
өйткені біз тіріміз,
тіріміз ғой
азап шеккен жерлердің
мәңгілік бөлшектері.

АГОСТИНЬО НЕТО


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері