Ақбақайым – meralybosai

Бұл бетте «Ақбақайым» атты meralybosai жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тауың жоқ мейлі,ақ қар боп жатпа дəйім
Сенде есейдім,мен қалай мақтамайын
10 Парижді қоссаңда бола алмайды
Мен үшін дəл өзіңдей Ақбақайым.

Желі ызғарлы,ауасы саф даласының
Сен менің маржанымсың,қарашығым.
Ессіздерге ес беріп тірілтесің
Естілердің есін,жаман алатының.

Мен үшін тыныштықтың символындай
Сəкіде жатқан кезде қара түнің.
Сен маған қазақша бір үн қатасың
Латыншаға ауыссада ана тілім.
Мен мейлі Министр боп кетсемдағы
Перзентіңмін табаны қара тілім!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар