Тілім менің
Өтсе де ғасыр, ашсаң да тарих парағын,
Өшпейтін мәңгі өзгеден рухты дара тым.
Еңселі елдің, егемендіктің тірегі,
Қалауы мықты діні мен тілі қазақтың.
Келгенде алғаш дүниеге мынау ғаламның,
Естіген едім әлдиін асыл анамның.
Туған тіліммен сіңірдім бойға, санама,
Өткеннен мирас шежіресін дархан даламның.
Туған тіліммен таныдым баба мұрасын,
Қазақтың тілі жетелер алға мұратым.
Бабамның тілі, анамның тілі, ел тілі,
Тек өзіңсің шоқтығы биік тұратын.
Жылжыған уақыт жылдардан жылға ұласқан,
Менің тілімнің құдіретіне куә нұр аспан.
Менің тілімде әйгілі үш би дау шешіп,
КемеңгерАбай Тоғжан қызбенен сырласқан.
Тілімде менің ер Қабанбай ұрандап,
Қорғап бір жаудан аманат еткен даламды.
Тілімде менің феномен-Жамбыл жыр арнап,
Ғасырдың үні таңырқатқан ғаламды.
Тілімде менің Әлия, Мәншүк, Төлегендер сөйлеген.
Тілімде менің Бибігүл Роза даламды әнге кернеген,
Тілімде менің алмастай жырын қару ғып,
Махамбет бабам қылышын жауға сермеген..
Бабадан қалған қазақтың тілі аманат,
Аманат ұрпақ, тигізбе оған жаманат
Желтоқсанда бозторғай үні шырылдап,
Жарқ етіп сөнген қазақтың ұлы ер Қайрат.
Өткенін талай тоқырау қазақ басынан,
Шыңғырған шындық екенін қалай жасырам.
Жаныштап, жаншып бұғаулық торға салсаң да,
Өшпеген мәңгі рухты тілім-қазынам.
Бүгінде,міне,егеменді елім еңселі,
Болашағы кемел жарқырап келед ертеңі.
Бабамнның тілі, анамның тілі, өз тілім,
Аманат етем ұрпағыма мен сені.
Ұрпағым менің, тіліңді мәңгі құрметте,
Құрметте қалқам, ілеспей ойсыз дүрмекке.
Қазақтың тілі қасиетті және қайсар тіл,
Сондықтан мәңгі сақталсын әрбір жүректе.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі