Жендет

Бұл бетте «Жендет» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ажал төкті аузынан суық темір...
астар болды аспанға сұлық көңіл.
Пушкин ақын пейішке барды ма екен?
Дантес...
ұзақ,
бақытты сүріпті өмір!..
Қаһарына құдайдың ұшырамай,
қалады аман қан төккен кісі қалай?
қай тәңірге сүйеніп мың жасайсың,
өлексемен күнелткен күшіген-ай?
Өзінде жоқ шындықты көктен іздеп,
таба ма адам?
келген із,
кеткен із көп...
өз жендетін кешірген
Абайдайын
біздің-дағы ешкімге өкпеміз жоқ!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері