Бүкіл әлемдік тартылыс заңы
Бұл бетте «Бүкіл әлемдік тартылыс заңы» атты Ұлықбек Есдәулетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шығармай тысқа тартып ұстадым,
Сезімнің ыстық шарпылыстарын,
Көрдім де сені, мойындап қалдым,
Бүкіл әлемдік тартылыс заңын.
Көр соқыр болдым, көрдім де сені,
Қаперге кірмей елдің де өсегі.
Өзімнен өзім күлемін кейде,
Сілкінген жердей жүрегім бейне.
Мына жұрт, мүлдем жайбарақат қой,
Сүймей-ақ өмір сүремін дей ме?
Себепсіз сағат санап қаламын,
Қалайша сенсіз тағат табамын.
Өзіңді ойлап, өзіме бойлап,
Таусылмас томдай парақталамын.
Қиялда бірге қонып ұшамыз,
Сабылысамыз, сағынысамыз.
Бары рас болса тартылыс заңы,
Түбінде біздер жолығысамыз.
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі