Сатқындық – сені уақыттық пәледен құтқарғанымен, уақыттың жазасынан құтқара алмайды. Ілмектер: сатқындық, пәле, жаза, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жәди Шәкенұлы Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Сатқындық – сені уақыттық пәледен құтқарғанымен, уақыттың жазасынан құтқара алмайды.
Қинамайды абақтыға жапқаны, Қиын емес, дарға асқаны, атқаны, Маған қиын осылардың бəрінен, Өз аулыңның иттері үріп- қапқаны... — Ахмет Байтұрсынұлы сатқындық, сатқындық туралы нақыл сөз
Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындық. — Бауыржан Момышұлы ұлт, сатқындық
Өмірінде бір рет сатқындық жасаған адам, екінші рет оны міндетті түрде қайталайды. — Майк Тайсон сатқындық, нақыл
Бөтенге шексіз сеніп қалудан сақтан, дос деп құрмет тұтып жүрген адамыңның өзі сені сатып кетуі мүмкін. — Омар Хайям бөтен, сену
Әз Жәнібек хан ноғайлы жұртымен бірге, қалмақ елін де қоса билеп тұрады. Ол ел тағдырын он екі бимен ақылдасып шешіп отырады екен. Бидің үлкені баяғы Жиренше. Бұл ердің білгірлігін сынағыш хан бір күні: - Әу, Жиренше! Адам қалай қадірлі болады? - дейді. - Қадірлі болғысы келген адамға үш жолдас керек, - дейді Жиренше табан астында. - Иә, қандай жолдас? - Бақыт, дәулет, ырыс. - Ал басқа пәле қайдан? - Басқа пәле тілден. - Кәріліктің белгісі не деп білесің? - дейді хан. - Қаратауға қар жауар. - Қарсы алдынан жел тұрар, - дейді Жиренше. - Қыз алған қалай? - Қыз: "өзің білесің" дер. - Жеңге алған қалай? - Жеңге: "өзім білем" дер. - Жесір алған қалай? - "Балам білер" дер. Бас биінің білгірлігіне хан осылайша тәнті болады екен. — Жиренше шешен пәле, кәрілік
Досын сатқан қосын сатқанмен бірдей. — Тоқсары сатқындық, дос
Даңқ кiмнiң күлiп тұрса басында, Сатқындық та бұғып жүрмек қасында — Мұхтар Шаханов даңқ, сатқындық
Өтірікті шын қылған — ол адамның қызыл көзді пәлесі. — Бұқар жырау адам, өтірік
Хабарлама
INFO
- Жәди Шәкенұлы
- Жәди Шәкенұлы
- Жәди Шәкенұлы
- Жәди Шәкенұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі