Мен сізді сүйемін – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Мен сізді сүйемін» атты Фариза Оңғарсынова жазған махаббат туралы өлең берілген.

  • 02.02.2022
  • 0
  • 0
  • 3001
(аударма)

Мен сізді сүйемін,
себебі тал бойыңда
ұқсастық барын білем терекпенен,
жайылған жапырақтай саялысың,
ал жанға иілмейсің керекпеген.
Бар айнала кеткенде күңгірттеніп,
бойда жігер таусылып, мың бүктеліп
қиналғанда, махаббат жалынына өртенгенде
жай табамын саяңа сүңгіп беріп.
Неткен бақыт!
Мына өмірде сен барың,
әйтпесе мен бейшара қайтер едім,
сүйем сізді, шақтарда жабырқаған,
жаныма сая болған бәйтерегім!

РОБЕРТО ФЕРНАНДЕС РЕТАМАР


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері