Ояну – Ырысбек Дәбей

Бұл бетте «Ояну» атты Ырысбек Дәбей жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.08.2021
  • 0
  • 0
  • 672
Сағыныш кейпінде,
Сап-сары тауларды көремін –
түс қой бұл.
Ол енді өлең боп оянар,
Азабын көтерер жер ұлы.
Сорым да бес елі арқамнан түспей жүр,
Өңірім ып-ыстық тамшыға боянар.
Обалын көтеріп мойныма,
Бір ұзын жол шұбар, нәресте жетектеп.
Түбінде сұрайды ол расын,
Ауырлық қалпымен түн келер,
Оу, қанша қорғасын кеш өтпек,
Рухым жаза алмай құлашын...
Ап-ауыр ойлардың
Теңіздей тереңі батырып,
Дәл бүгін шық тұнған жолдарға
Жапырағым шашылып,
Тұрғаны – ғасырлар қойнауына кетер ізім,
Шық тұнған жолдар – мәңгілік тақырып!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері