Қаңғыбас жарық – Ырысбек Дәбей

Бұл бетте «Қаңғыбас жарық» атты Ырысбек Дәбей жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.08.2021
  • 0
  • 0
  • 616
Көзімді сығып күрсінуіме иланды жалған,
Жаңбырын төгіп
Жасағанға айтты жалыққанымды.
Қызығы кетіп
сайтан сандалған қирандылардан,
Емге іздеп жүрмін
іңір боп кеткен жарықтарымды.
Шашылып кеткен
шуақтарыма түн келіп тағы,
Аузын ашады арам нәпсісін алдына салып.
Өкініш болды-ау,
тірілгеніміз бірге өліп барып,
Сөкпегем сені!
Тіміскіленген қаңғыбас Ж арық...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері