Ораза – Ырысбек Дәбей

Бұл бетте «Ораза» атты Ырысбек Дәбей жазған діни тақырыптағы өлең берілген.

  • 10.08.2021
  • 0
  • 1
  • 1083
Бір ұрттам қара суды аңқам кеуіп
Қадірін біліп, қанып ішпегелі қашан?
Мені илеген шебер қолдың табы қалған,
Дымқыл топыраққа маңдайымды басам...
Үркер төбеден ауғанда
тәуекел еткен бұрынғылар,
Еріндері кеберсіп күнді батырып...
Сам жамырап, жұлдыз кірпігін қаққан шақ,
Тұр бізді
Ұлы ғибадаттың шәрбат – дәмі шақырып...


Пікірлер (1)

Парасат

Ырысбек Дәбейдің 'Ораза' атты өлеңі ұнады. Ораза ұстағанда судың бір ұрттамының қадірін білу, 'Мені илеген шебер қолдың табы қалған, Дымқыл топыраққа маңдайымды басам' деген жері – нағыз рухани тереңдік! Бұрынғылардың тәуекел етіп, еріндері кеберсіп күнді батырғаны, Үркер төбеден ауғанда жұлдыз кірпігі қаққан шақта ғибадат шақыруы – қазақтың ораза дәстүрін соншалықты әдемі суреттейді. 'Ұлы ғибадаттың шәрбат – дәмі шақырып' деген сөз жүрекке жетеді, Рамазанның мәні осында ғой. Осындай поэзияны оқып, ораза ұстауға құлшыныс пайда болады.

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері