Сегізінші март. Алматы. Түн – Ырысбек Дәбей

Бұл бетте «Сегізінші март. Алматы. Түн» атты Ырысбек Дәбей жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.08.2021
  • 0
  • 0
  • 668
Боп-боз дүние...
Соншама сұлу болар ма бұл түн?
Жалғыздығымдай бәрібір қатал.
Өлі тыныштықты құшағына алып,
Сүттей жарық Ай мұнарға батар.
Баянсыз сұлулыққа неге байландым?
Үн-түнсіз мұңға батып...
Қай жерде отырып еске алдың?
Раушан гүлін иіскеп...
Менен де, өзіңнен де алыстап бара жатып.
Көп жылдар бұрын кешірген сезімнің,
Езілтер тұсы бар ма еді тағы?
Құтыла алмаспын қашып,
Түн парағына бір өлең жазып...
Кешірші мені!
Жылжыған жылдар,
Сарғайған хатыңды жадымда сақтар...
Анама бір шоқ гүл сыйлап қайтам,
Жабырқау сәтімді мейіріммен жасқар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері