Жарыстар – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Жарыстар» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 702
Дәл қазір
Дос-жаран, танысың да,
Жақының, алысың да
Мына дүниені
Ала шапқын етіп
Бұттары божып,
Шаттары айырылып
Жарысуда!
Жарысуда!
Бірін-бірі
Ала алмай алысуда.
Бірін-бірі
Шала алмай қарысуда...
Иттер де жарысуда,
Киттер де жарысуда.
Шудалары желкілдеп
Түйелер де жарысуда.
Қарындары шермиіп
Биелер де жарысуда..
Сорлылар да жарысуда,
Долларлар да жарысуда.
Тарақандар да жарысуда.
Президенттер де жарысуда.
Жарысуда!
Біреулері
Қызынып жатыр.
Біреулері
Үзігіп жатыр.
Біреулері
Қызығып жатыр...
Басқа біреулердің
Жарыс жолында
Желкелері қиылып,
Мойындары
Үзіліп жатыр!
Енді біреулері
Жолда қалып,
Шаң қабуда.
Енді біреулері
Әйтеуір ілдалап
Жан бағуда...
... Ала шапқын
Сол жарыстардың
Екпінінен құлап,
Аяғына жаншылған
Мына дүние
Зар қағуда!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері