Сыр айтумен сарсылды сырлы күнім – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Сыр айтумен сарсылды сырлы күнім» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 750
Сыр айтумен сарсылды сырлы күнім,
Гүлге оранған қаланың тұрғынымын.
Бүлдіршіндей талпынған өтіп жатыр,
Көз алдымда бір сәтім, бір қылығым.
Ұқсамайтын қалаға ауылданмын.
Аман шықтым ақ түтек дауылдан мың.
Жүрегімнің дірілі сан оянды
Жарқыраумен шыққанда жауыннан күн.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері