Сағым далаға – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Сағым далаға» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 677
Сағым далаға
салт атпен шықтым салдыртып,
Сылаң күреңнің
ақ сабын терін алдыртып.
Қасқырдың ізін,
түлкінің ізін көп қудым,
Қарсақтың ізін
құба жондарда қалдыртып.
Ақ шоқыларға
шұғыла шашып шоқ жанар,
Болсаң сен егер
көз майын тауысып көп қарар.
Қиястау қырдан
қарғып бір кеткің келеді,
Өткізбей, әттең,
опынтып қойды-ау оппа қар.
Айналаң түгел
төгілген іркіт, ақ айран,
Қылт еткен қара
көрінер емес маңайдан.
Бойыңнан бу боп
бұрқырап ұшып жатады
Төгілген терің самайдан.
Әне бір қоян
бұлт ете қалды бүйірден,


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері