Торғайдың атырабында – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Торғайдың атырабында» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.03.2021
  • 0
  • 0
  • 2025
Торғайдың атырабында
Өткен талай ұрыстар бар.
Торғайдың топырағында
Қираған қылыштар бар.
Тұлпарлардың тұяқтары
Қара жерді тепкілеген.
Жылап бала, жылап кәрі,
Медеу беріп дос тілеген.
Ат арыды ауыздықтан,
Нәр татпаған қанша күннен.
Ел езілген жауыздықтан,
Қара жерге қан төгілген.
Тар заманның жат тынысы
Талай тағдыр тайталасқан.
Амангелді ақ қылышы
Адалдықты айқара ашқан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері