Дауылдай алып соқпа сияқты үміт – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Дауылдай алып соқпа сияқты үміт» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 825
Дауылдай алып соқпа сияқты үміт,
Жүрсең бір жанталасып, жиі аптығып.
Көтерсе кейде өзіңді заңғар көкке,
Тастайды кейде өзіңді ұятты ғып.
Жалқаудай жамбасыңмен тоя жатқан
Өзіңді тым тарылтып қояды ақпан.
Желің бар, дауылың бар,
Бола алмайсың
Өзендей арнасында баяу аққан.
Түбінде өміріңе тұрақ бардай,
Келеміз бәрін шауып, құлатқандай.
...Басында шырқау шыңның қар жатқанда,
Үміт үзбеу керек қой бұлақтан да...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері