Көзімді ашып қараймын кейде өмірге – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Көзімді ашып қараймын кейде өмірге» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1265
Көзімді ашып қараймын кейде өмірге,
Басымда бар жұрттағы ой менде де.
Басымда бар жұрттағы ахуал,
Артық-тыртық тұсым бар кейбір жерде.
Мен де жұрттай күліппін, өкініппін,
Мұқалып та, жұқарып, жетіліппін.
Мен де жұрттай, иә, иә, иә...
Мен де жұрттай
Болғым келер періште шаң жуытпай.
Мендей адам жоқ бірақ,
Қит еткенде
Жолдан тайып кеткенін қалған ұқпай...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері