Қара тақыр – Кеңшілік Мырзабеков

Бұл бетте «Қара тақыр» атты Кеңшілік Мырзабеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.09.2020
  • 0
  • 0
  • 1087
Бір жаңбырдан қақ тұрған қара тақыр,
Лайыңды ылғалға жарата тұр!
Тез кеберсің, шөлдеуге төзген ерсің,
Жаңбыр жауса жарылқап, өзгерерсің.
Бір жаңбырдан қақ тұрған қара тақыр,
Бір жаңбырың келеді, қара да тұр!
Жаңбырың бар шөліңнен қанағаттар,
Жазылады өңіңнен жара-дақтар.
Тұзға піскен балықтың бауырындай
Түзде қалған бір уыс қара мақпал.
Құның төмен қай құмнан, қасиетің кем,
Әлі ісің жоқ әспетпен, әсіре күймен.
Бояуы бар боркемік таңсық маған,
Беу, беу, мақпал, табанға басып жүріп,
Бас иетін бе ем мен саған, бас иетін бе ем?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері