Тепең – Бейсебай Кірісбаев

Бұл бетте «Тепең» атты Бейсебай Кірісбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2041
«Ана тілінен»
Қапелімде сұралды,
«Бір» алды.

«Қазақ тілінен»
Лағып кетті беталды,
«Екі» алды.

«Орыс тілінен»
Күңкілдеді, тұсалды,
«Үш» алды.

Төртке ойламас жетем деп,
Міне, осылай Бекенбек,
Келеді әлі өзгермей
Тепең-тепең,
Тепеңдеп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері