Сирек кездесетін ирек – Бейсебай Кірісбаев

Бұл бетте «Сирек кездесетін ирек» атты Бейсебай Кірісбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2114
Отырды Аман сурет салып,
Жаратпады бұл келіп қалып.

Енді інісін қасына алып,
Желкесін сәл қасып алып:

– Былай сал, – деп,
Үйреткелі,
Дәптер бетін иректеді.

Иректеді, иректеді:
– Бұл ұшатын үйрек, – деді.

Иректеді, иректеді:
– Бұл кәдімгі бүйрек, – деді.

Үшінші рет иректеді:
– Мұндай сурет сирек тегі.

Иректеді,
Иректеді,
Бірақ түк те үйретпеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері