О ғып, бұ ғып – Бейсебай Кірісбаев

Бұл бетте «О ғып, бұ ғып» атты Бейсебай Кірісбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1269
Қағып кетіп кісіні
О ғып, бұ ғып,
Шалып кетіп кішіні
О ғып, бұ ғып,
Жыртады ол кітапты
О ғып, бұ ғып,
Сындырады бұтақты
О ғып, бұ ғып...
Жолдасынан көшіріп
О ғып, бұ ғып,
Оны қайта өшіріп
О ғып, бұ ғып,
Жұмыс десе – қашады,
О ғып, бұ ғып,
Тақта алдында сасады
О ғып, бұ ғып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері