Секітас – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Секітас» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.09.2021
  • 0
  • 0
  • 865
О, Секітас, алауланып өр төсің,
Таң сүйгенде көлеңкеңді серпесің.
Құбылады құба тартқан жондарың,
Жамылып ап күзгі күміс көрпесін.
Секітасым, бетегелі, қияқты,
Бауырыңда баураған мың тұяқты.
Түбегіңде дөңгеленген әр жұртым
Тастам кеткен естелігім сияқты.
Бөктеріңде өр бұлағың тулаған,
Өткенімде ерекше бір тыңдап ән.
Секітасым – жазық маңдай жайлауым,
Кеткенімде мөлтең қағып тұр маған.

1967


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері