Өлең, жыр, ақындар

Сенi ойласам...

  • 19.07.2021
  • 0
  • 0
  • 675
Сенi ойласам, көзiмде мұң жатады,
Таң алдында тəттi үнiң тiл қатады.
Алып ұшқан көңiлiм аялдамай
Сағыныштың көлiне шым батады.
Сенi ойласам, жанардан жас тамады,
Жалғыздықтан жазмышым жасқанады.
Жүрегiммен алысам түнi бойы,
Жұбата алмай жатқандай жас баланы.
Сенi ойласам, ұлғайып жан жарасы,
Көрiнбейдi көзiме жан баласы.
Жатырқасаң жатырқа, жатқа бала,
Жалғыз ғана тiлегiм – алдамашы...
Сенi ойласам, өзiммен күбiрлесем,
Жапандағы жалғыздың күнiн кешем.
Бiрi жанып, бiрi өшкен аспандағы
Айым десем қайтедi, Күнiм десем?
Сенi ойласам, жаным-ау, сенi ойласам,
Қара жердi қаперсiз қалай басам?
Жар басында адасқан жалғызыңды
Абайласаң қайтедi, абайласаң?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тақ

  • 0
  • 0

Ұшқым келмейді көкке де,
Түскім келмейді көпке де.
Мен ғана емес,
Бұл таққа

Толық

Қыс

  • 0
  • 0

Қайыстырып қабырғамды
Қар астында қабір қалды.
Қайғы мүлгіп,
Тал ырғалды...

Толық

Қайта жанды өшкен нұрым

  • 0
  • 0

Қайта жанды өшкен нұрым,
Қайта оралды көшкен күнім.
Көктөбеге шақырғандай
Көктемеде өскен гүлім.

Толық

Қарап көріңіз