Қызығымен баурар дейсiң қай бiр күн – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қызығымен баурар дейсiң қай бiр күн» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.07.2021
  • 0
  • 0
  • 743
Қызығымен баурар дейсiң қай бiр күн.
Осыны ойлап қамықтым да қайғырдым.
Аруды аңсап айлы кеште айтар əн,
Кешiктiң ғой, кемелiңе қайта орал.
Балғын шалғын,
балауса бақ,
бал шағым,
Кiрпiгiме жақұт тағып, моншақ iл.
Өткен кездi ойлай бермей мен ендi
Өкiнтсем де, өксiтпейiн өлеңдi.
Қыз көзiне көп қарайтын қу басым
Сезер қайтып серi күннiң тумасын.
Сезгенi де отырған соң мұң шағып,
Ей, Жастық шақ,
опасыз ба ең,
мұншалық?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызығымен баурар дейсiң қай бiр күн өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Қызығымен баурар дейсiң қай бiр күн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызығымен баурар дейсiң қай бiр күн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызығымен баурар дейсiң қай бiр күн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері