Мұхтар Әуезовке – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Мұхтар Әуезовке» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Сыймай кетті маңдайға деп өкінбен,
Дүниеде мың жасаған адам жоқ.
Өзің теңдес қазақтардың шетінен,
Санап шықсам, табиғаттан сараң жоқ.
Жаратыпты өмір сені басыңа,
Дариядай ақыл менен ой беріп.
Тот баспайтын ғасырлардан-ғасырға,
Сөз маржанын бұлбұл тілдің қойды өріп.
Атың мәңгі шықпай ұрпақ есінен,
Ойлы сөзің жүректерде сақталар.
Кеттің, Мұха, тарихтың көшімен,
Алдымда сен, артында мен мақтанар.
Қазақ атын бар әлемге таратқан,
Ұмыта ма ұрпақ сендей ұлдарын.
Аз болсақ та, бірегей ғып жаратқан,
Табиғаттың талғамына ризамын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұхтар Әуезовке өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Мұхтар Әуезовке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұхтар Әуезовке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мұхтар Әуезовке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері