Адам деп менің атым қойылғасын – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Адам деп менің атым қойылғасын» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 672
Адам деп менің атым қойылғасын,
Тұрады жүректе иман, ойымда шын.
Білемін, барлығынан биік тұрар,
Есімім Аллаһ берген жойылмасын.
«Басеке», «Төрағаны»... пенде қойған,
Шығарып жалау еткен желден, ойдан.
Әкімдік әңгімеге қазық болды,
Мақрұмбыз «Керқұла атты Кендебайдан»
Жүрмін-ау от ішінде жалаңдаған,
Өткізбек өктемдігін заман маған.
Тегімді ұмытпаймын, тергелемін,
Берілген аманат жан – ол Алладан.
Жан мен тән қосылады шекті күнге,
Кезеді Жер шары мен көкті бірге.
Соққанда соңғы сағат бөлінеміз,
Мың шүкір, топыраққа тептім ірге.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Адам деп менің атым қойылғасын өлеңінің авторы кім?

Дәулетбек Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Адам деп менің атым қойылғасын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Адам деп менің атым қойылғасын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәулетбек Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Адам деп менің атым қойылғасын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері