Мәңгі бол деп тіледім, мына бақыт
Бұл бетте «Мәңгі бол деп тіледім, мына бақыт» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған бақыт туралы өлең берілген.
Жат боласың бармасаң, келмесең бір,
Өскен қурай боласың жерге селдір.
Торқалы той, өлімнен топырақты,-
қала берсең өзісің ең мешелдің...
Осындай ой, жетелеп жер түбіне,
Қанып қайттым ағайын ел тіліне.
Өткен-кеткен тарихтың шежіресі,-
Көз алдымда көсіліп шертілуде...
Баласымыз бір әке, бір шешенің,
Біз солардың ашылған гүл-шешегі.
Жер бетіне шашылып тарыдайын,-
Жегеніміз Алланың күлшесі еді!..
Араладым ел ішін асықпай бір,
Туған жермен тарасын ғашық қайғым.
Махабатын халқымның қанып іштім,-
Қалмасын деп кеудемде қасықтай мұң.
Бабалардың басына Құран оқып,
Иман үшін арналды хирағатым.
Өткенменен бүгінді жалғастырған,-
Мәңгі бол деп тіледім, мына бақыт!..
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі