Ақынның еркін өлеңі
Бұл бетте «Ақынның еркін өлеңі» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Келмейтін қолға ұстауға,
Көнбейтін темір тұсауға,
Шуағын жанның төгетін,
Тұрса да қандай құрсауда,
Ақынның еркін өлеңі...
Сыймайтын не бір қалыпқа,
Сыйлығы көктің халыққа,
Жеті қат жерге тықса да,
Шарықтап шыққан жарыққа,
Ақынның еркін өлеңі...
Қияға талмай баратын,
Шырақ боп алдан жанатын,
Адамның адам екенін,
Әрдайым еске салатын,
Ақынның еркін өлеңі...
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі