Жұма-аға – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Жұма-аға» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.03.2021
  • 0
  • 0
  • 783
Жұма-аға, неден бастаймын?
Шарапқа тойған мастаймын.
Бұйығы болып бұл күнде,-
Сырымды көпке ашпаймын.

РИО-да сайыс салуда,
Айқасқан жігіт, аруда...
Намысын қорғап қазақтың,-
Көнгісі келмей, қалуға!

Жолбарыс сынды жұлқысты,
Жағасын жаттың жыртысты.
Қақырай құлап сөгілді,-
Қабырғалары қыртысты.

Жер иіскетті паңдарды.
Дүние түгел таң қалды!
Екі жүз елдің ішінде,
Алашты әлем аңғарды!..

Топ ішінде жарқылдар,
Жазира, Елдос—алтындар!
Жұдырық болып түйілсең,-
Қарсыластарың қалтылдар...

Қуанып тұрмын Жұма-аға,
Мұндайда келер жыр аға!
Шоқпар жұдырық жігіттер,
ТУ көтерткелі тұр аға!..

Қарсы келгенді орады,
Тұғырларына қонады!
Отаны үшін от кешіп,
Бір таңғажайып болады!

Көзімнің жасын төктіріп,
Қырандар ұшар көк тіліп...
Дәуренін қайта орнатты,-
Қазақ деген—Көктүрік! (ДБ)


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері