Елтiнжалдан елпiлдеп ескен лептей – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Елтiнжалдан елпiлдеп ескен лептей» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 717
Елтiнжалдан елпiлдеп ескен лептей,
Енжайлауда желкiлдеп өскен көктей
Елп еткенiн қайтейiн етегiңнiң,
Естен кетпей қойдың-ау, естен кетпей!..
Көк пен жердiң аралап көрiктi елiн,
Ана сүтiн еркелеп емiп пе едiң?
Баянтаудың басынан баян таппай,
Қыз Жiбектiң жұртынан келiп пе едiң?
Сендей жанды қияды бөтенге кiм?
Құстай ұшып жаныңа жетер ме едiм –
Көкмұнардың iшiнен көлең қағып,
Ақмұнарға айналған көкем менiң.
Перiштем-ау,
Кiрпiгiн алтындаған,
Хан қызындай ұнайды қалпың маған.
Омар Һайам бiр кезде ұрттап iшкен
Кеседегi аумайсың бал тұнбадан.
Кеседегi ұрттайтын бал тұнбаны
Сал-серiдей саламат салтым кəнi?
Саршатамыз шiлденiң шiлiңгiрi
Саратанда мүмкiн бе салқындауы?!
Қандай жансың, қарғам-ау, қандай жансың?
Кiмдi күтiп, кiмдi iздеп сарғайғансың?
Менiң құлқым құлады құзырыңа,
Сенiң ұйқың менi ойлап қанбай қалсын!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Елтiнжалдан елпiлдеп ескен лептей өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Елтiнжалдан елпiлдеп ескен лептей өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Елтiнжалдан елпiлдеп ескен лептей өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Елтiнжалдан елпiлдеп ескен лептей өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері