Пошатай деген атамды

Бұл бетте «Пошатай деген атамды» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1191
Пошатай деген атамды,
Білмеген жан жоқ, қариді,
Жетім, жесірді қолдап бір,
Аралап жүрген әр үйді.
Жалған екенін ұқтырған,
Сол атам еді, пәниді,
Бақ қонам десе, қонады,
Аралап жүрер әр үйді,
Тектіктілік пенен ептілік,
Нар туған ұлын таниды,
Баланың болмас бөтені,
Әкелеп тұрса, бәрі игі,
Бәйгеге тұлпар шаптырса,
Жүйрігін сыншы таниды,
Қазағым текті халық қой,
Көпшіл ғой оның, жаны игі,
Дөп басып білген осы ел,
Арапқа дейін, пәниді.
«Ақылес» деген қазақ ол,
Трояға тіккен қара үйді.
Жанашыр, аңғал қазағым,
Тірлігің жүрек қариды,
Елімді ойлап жүгінсем,
Болады ісім, әлі игі,
Жақыным жат боп кетсе де,
Қалың ел жақын таниды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Пошатай деген атамды өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Пошатай деген атамды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Пошатай деген атамды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Пошатай деген атамды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар