Әрбір қазақ сенің қимас жалғызың! – Абдулмахмуд Пошатаев

Бұл бетте «Әрбір қазақ сенің қимас жалғызың!» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1840
Алмастырып күнді түндер, түнді күн.
Бағаламай бұл жалғанның бір күнін,
Адамзаттан неге қашты мейірім?
Түтіп жеуге дайын тұрар бір-бірін.
Жалғастырып, бір күнімді, бір күнім.
Біреу қасқыр, біреу кейпі түлкінің.
Тірісінде бағаламай жүргендер,
Іздейді екен өлгенінде, бір-бірін.
Іздемейді,
Іздесін деп өлмейді.
Тағдырының жазуы ғой, ол мейлі.
Тіршілікте сені сыйлап өтпеген,
Өлгеніңде молаңды іздеп келмейді.
Қандай керім,
Қандай ұлық, бабалар.
Қандай еді, ақжаулықты аналар.
Тойыңда да, өліміңде жүгіріп,
Аға інім деп, іні ағаны ағалар.
Мөңке биім айтып кетті көреген.
Қожалардан бата алған ел, Төреден.
Неге бүгін ұрпақтарға тап болдық,
Кітап алып оқымайтын сөреден?!
Айға жетіп тұрса дағы атағың.
Түн тұңғиық,
Қалың ойға батамын.
Бір жағымнан әурелейді Европа,
Бір жағымнан сүйрелейді жат ағым.
Тыңдасаңыз Бекасылды, Мәшһүрді.
Бұзып жүрген діншілдер кім, дәстүрді?!
Орманына қарап ол да ұлиды,
Барды беріп баптасаң да қасқырды.
Күндер қайда бақытыңа балайтын?!
Не әдет ол, бір-біріңді талайтын?!
Әрбір қазақ сенің қимас жалғызың,
Сөгілгенде жыртығыңды жамайтын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әрбір қазақ сенің қимас жалғызың! өлеңінің авторы кім?

Абдулмахмуд Пошатаев — осы өлеңнің авторы.

Әрбір қазақ сенің қимас жалғызың! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әрбір қазақ сенің қимас жалғызың! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдулмахмуд Пошатаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әрбір қазақ сенің қимас жалғызың! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері