Сәлем - сөздің анасы

Бұл бетте «Сәлем - сөздің анасы» атты Бұқар жырау жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.11.2015
  • 0
  • 3
  • 31768
Сәлем - сөздің анасы,
Әлік алған данасы.
Шығанақтан шырқайды
О біреудің танасы.
Оның сөзін тыңдасаң,
Баяғы айтқан жаласы.
Өтірікті шын қылған
Ол Алланың қызыл көздің пәлесі.
Айтқаныңа көнбесе,
Айдауыңа жүрмесе,
Көңілінде бар оның аласы.
...Жақын жерден шөп жесе,
Жердің сәнін кетірер.
Ағайынның аразы
Елдің сәнін кетірер.
Абысынның аразы
Ауыл сәнін кетірер.
Жарау, семіз байда бар,
Құйрығы бітеу қойда бар,
Қос қанаты тимеген,
Қанаты бітеу қуда бар.
Ат тұяғы тимеген
Ақ кірпіш тас суда бар.
Әзірейіл келген күн
Жан қалар дер қайда бар?
Жар басына қонбаңыз,
Дауыл соқса, үй кетер.
Жатқа тізгін бермеңіз
Жаламенен бас кетер.
Жаманмен жолдас болсаңыз,
Көрінгенге күлкі етер.
Жақсымен жолдас болсаңыз,
Айырылмасқа серт етер.
Ит жүгіртіп, құс салсаң,
Киген тонын түлкі етер.
Сыпайы сырын білдірмес,
Ақырын ғана бүлк етер.
Көкте бұлт сөгілсе,
Көктеп болмас, не пайда.
Көкіректен жан шықса,
Қайтып келмес, не пайда.
Дін пұсырман болмаса,
Тіл пұсырман не пайда.
Қызда қылық болмаса,
Құр шырайдан не пайда.
Ерге дәулет бітпесе,
Шүлдіреген қызыл тілден не пайда.
Мал араға түспесе,
Құр айтқаннан не пайда.
Байдан қайыр кеткен соң,
Мал да кетер, не пайда.


Пікірлер (3)

апапа

арара

сандуғаш бабай

өтее керемет маған қатты ұнайдыы.......... Жақсы болашақтың қандай болатынын дәлеп жазған

♡♡♡

Жақсы өлең. Жаттап жатырмен. Маған өлең мағынасы ұнады!!!
)) :)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәлем - сөздің анасы өлеңінің авторы кім?

Бұқар жырау — осы өлеңнің авторы.

Сәлем - сөздің анасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сәлем - сөздің анасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бұқар жырау өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сәлем - сөздің анасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері